Әдептілік әліппесі

Сабақтың тақырыбы:     А. Асылбеков.     Әдептілік әліппесі

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны таныту;  мазмұнын аша отырып, балалардың отбасында, мектепте, әдеп пен өнер туралы түсініктерін кеңейту.

                            2. Отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы, тәлімдік үлгі өнегесі,  жора – жолдастық тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, сауатты оқу, байланыстыра сөйлеу, сұраққа толық жауап беру дағдыларын жетілдіру.

                            3. Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу, әдепті де, ізетті оқушы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа материалды таныту.

Әдіс – тәсілдер:  сұрақ – жауап, әңгімелесу,  байқау, түсіндіру.

Құрал – жабдықтар:   автор суреті, шығармалары,  үлестірме қағаздар,  жаңа сөздер, мақал – мәтелдер,  ойын, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық.   

Амансың ба   Алтын күн!?

Сәлем саған достарым!

Қош келдіңіздер қонақтар!

Бағалау парағымен  таныстыру.

 

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

А)  мәтінді мәнерлеп оқу.

Ә) «Менің жақсы қасиеттерім»  шағын шығарма оқып беру.

Бағалау парағын толтыру.

3.     Ой қозғау.

Әркім өзінің жақсы қасиеттерін оқып берді. Әрине жақсы қасиет болғандықтан, жақсылық жасай білу керек.

Ендеше барлығымыз бірігіп, жақсылық жасайық.

9 саны туралы не білеміз?

Ол үшін  берілген 9 санына көмектесіп, ретімен қойып шығалық.

ӘДЕПТІЛІК  сөзі шығады.

3-інші слайд   Әдептілік – сыпайыгершілік, ізеттілік, тәртіптілік деген мағынаны білдіреді.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.

ӘЛІППЕСІ  деген сөз , Бар кітапқа бас болған,

                            Әліппе ғылым анасы

                            Әліппеден басталған

                            Даналықтың данасы.

Дегендей,  әліппе деген бір нәрсенің бастамасы, беташары деген мағынаны білдіреді.

4-ші слайд

Автор туралы шағын мағлұмат беру.

5-інші слайд

6-ыншы слайд

Кітапша көрсету.

4.     Мағынаны таныту.

А) Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Ә) Ауызша баяндау.

Б) Сөздік жұмыс. 7-інші слайд

В)  Болжау

Әдептілік

Әліппесі

5.     Сергіту сәті.

Ойын. «Сатушы »

Мен сағыз сатамын. Ол үшін әдептілік таныту арқылы, 1 әдеп туралы мақал –мәтел айтып беру керек.

СҰРАҚ:    --- Тағы қандай мамандықтарды білесіңдер?

Мысалы мектеп асханасында кімдер жұмыс істейді?

Немесе емхана туралы айтып бер.

Бағалау парағын толтыру.

 

-         Ең бірінші амандасу туралы айтамыз. Сәлемдесудің қандай түрлері бар?

8-інші слайд

6.     Тапсырмалар орындау.

Үлестірме қағаздармен жұмыс.

 

Бағалау парағын толтыру.

 

7.     Ой толғаныс.

А) Өлеңді тізбектеп оқимыз.

Ә) Өлеңді шумақтап оқимыз.

Б) Өлеңді талдау.

1.  Өлеңнің тақырыбы:

2.  Шумақ -6

3. Тармақ -4

4. Бунақ- 7,7,7,8.

5. Ұйқас  

         В) Өлеңді мәнерлеп оқимыз.

 

         Г) Ізетті  - СЫПАЙЫ, БИЯЗЫ, ӘДЕПТІ.

         ӘДІЛЕТТІ-  ДҰРЫСТЫҚ, ӘДІЛДІК СОНЫ ЖАҚТАЙТЫН АДАМ.

         КІШІПЕЙІЛ – ізеттілік көрсету.

 

Бағалау парағын толтыру

8.     Ішіне – сыртына  стратегиясымен жұмыс.

9- ыншы слайд.

10-ыншы слайд

Бағалау парағын толтыру.

 

9.     Сабақты бекіту:

11-інші слайд.

 

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Сұрақ:

--- Ал, балалар бүгінгі сабақтан қандай тәлім – тәрбие алуға болады?

10.                     Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

11.                     Бағалау парағының қортындысын шығару.

Автор: Бастауыш сынып мұғалімі: Л. Есенгазина
Просмотров: 16
Дата создания: 8 ноября 2012 г.
Дата редактирования: 8 ноября 2012 г.